Бүгін батыс, оңтүстік өңірлерде күн ысып, елдің солтүстігінде бұршақ жаууы ықтимал
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым аймақтарында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағаймен бірге жаңбыр күтіледі, желдің күшеюі, бұршақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет.
Республиканың батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жел 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді, бұршақ болуы мүмкін.
Ақмола, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, бұршақ жаууы ықтимал.
Қостанай облысында кей жерлерінде желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан, күндіз Атырау, Жамбыл, Қарағанды облыстарында жел тұрады, жылдамдығы - 15-20 м/с. Күндіз Қызылорда, Манғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл көтеріледі.
Күндіз Кызылорда, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында аптап ыстық. Сондай-ақ, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында да өте қатты ыстық болады.
Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Атырау, Батыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.