Бүгін батыста күн ысыса, шығыс пен орталықта күрт суытады - Қазгидромет
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы 9 маусымда солтүстік пен оңтүстік-шығыста атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Жер-жерлерде күн күркіреп, жауын жауып, жел күшейеді, кей аудандарда тұман түседі, ал қалған аумақтар жауын-шашынсыз болады.
Алматы, Жамбыл облыстарында, күндіз Қостанай облысында кейбір аймақтарыда жел 15-22 м/с-қа күшейіп, күн күркірейді.
Солтүстік Қазақстан облысында - күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, күн күркірейді. Қызылорда облысының кейбір аймақтарында желдің күші 15-20 м/с-қа жетіп, шаң көтеріледі, түнде тұман түседі деп күтілуде. Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде жер-жерлерде күн күркірейді деп күтілуде. Түнде Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 0-5 градусқа дейін суық болады. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облысының кей аудандарында қатты ыстық болады деп күтілуде. Республиканың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталықта жер-жерлерде өрт қауіптілігі күтілуде.