Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағы 57 жылдығын атап өтуде

АСТАНА. 2 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Байқоңыр қаласының тұрғындары мен әлемдегі ең ірі ғарыш айлағының қызметкерлері мекеменің 57 жылдығын атап өтуде, деп хабарлады Ресейғарыштың баспасөз қызметі.

Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағы 57 жылдығын атап өтуде

Ресей Федералдық ғарыш агенттігінің басшысы Владимир Поповкин «Байқоңыр» кешенінің қызметкерлері мен ардагерлеріне құттықтау жолдады.

Ғарыш саласында қол жеткізген табыстардың басым бөлігі «Байқоңыр» ғарыш айлағымен тығыз байланысты. Айта кетейік, Байқоңырдан алғашқы рет Жердің жасанды серігі мен ғарышқа адам ұшырылған болатын.

«Бүгінгі күні ғарыш айлағы ғарыш қызметінің саласында кеңінен танымал болып, табыстар мен жетістіктерге қол соза отырып, мойындалды», - делінген құттықтауда.

Байқоңыр қаласының қоғамдық кеңесі мен әкімшіліктің шешіміне сәйкес, аталмыш датаны мерекелеудегі салтанатты шара 2 маусымда Сергей Королевтің ескерткішінің алдында митингпен басталды. Сонымен қатар бүгін қалалық нысындардың ашылуы жоспарлануда, кешке қарай қаланың орталық алаңында концерттік бағдарлама өткізілмек. Шараға қала тұрғындары, ғарыш ардагерлері, ғарыш саласының қызметкерлері қатысады.

Айта кетейік, 1957 жылдың 15 мамырында Байқоңыр ғарыш айлағынан МБР Р-7 ұшырылған болатын. Осыдан жарты жылдан кейін, 4 қазанда алғашқы Жердің жасанды серігі орбитаға шығарылды.  1961 жылдың 12 сәуірінде «Шығыс» ғарыш кемесімен Жердің тұңғыш ғарышкері Юрий Гагарин ғарышқа көтерілді. 2011 жылы ғарышқа алғашқы адам ұшырылуының жарты ғасырлық мерейтойы бүкіл әлемде аталып өтілді.