Бүгін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран тасымалдағышымен «Дирек ТВ-12» ғарыш аппараты ұшырылды

 АСТАНА. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат - Бүгін, желтоқсанның 29-ында астана уақытымен таңғы сағат 06.22-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран тасымалдағышымен «Дирек ТВ-12» ғарыш аппараты ұшырылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, зымыранның ұшырылуы штаттық кестеге сәйкес өтті. Ұшырылу кезінде болуы мүмкін зардаптарды жою үшін, осы күннің таңғы сағат 04.22 минутынан бастап екі сағат бойы ТЖМ-ның Қызылорда, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша төтенше жағдайлар департаменттерінің құрылымдары мен апаттық-құтқару күштері жоғары дайындық режимінде болды.

Соңғы жаңалықтар