Бүгін Бельгияда Швейцарияда орын алған апаттың салдарынан қаза болғандарға байланысты қаралы күн жарияланды

БРЮССЕЛЬ. 16 наурыз. ҚазАқпарат - Бельгия елінің үкіметі Швейцарияда орын алған апаттың салдарынан қаза болғандарға байланысты 16 наурызды ұлттық қаралы күн деп жариялады.

Бүгін Бельгияда Швейцарияда орын алған апаттың салдарынан қаза болғандарға байланысты қаралы күн жарияланды

 Естеріңізге сала кетейік, бұл апаттың салдарынан 28 адам, оның ішінде 22 бала көз жұмған болатын.

 Бұл туралы Бельгия елінің премьер-министрі Элио ди Рупоның айтқан сөзіне сілтеме жасай отырып Үкімет елшілігінің баспасөз қызметі хабаралады.

 Бүгін ел аумағында қаралы оқиғаға байланысты шаралар өтеді, мемлекеттік ту төмен түсіріледі, жергілікті уақыт бойынша сағат 11. 00-де апаттың құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алады. Сонымен қатар бүгін Бельгияға қаза болғандардың мәйіттері жеткізіледі, оларды бельгиялықтардың королі Альберт ІІ күтіп алады.

 Жол-көлік апатының салдары әзірге анықталған жоқ. Тексеру жұмыстарының болжамы бойынша, апат жүргізушінің қателігінен, оның денсаулығына байланысты немесе автобустың ақаулығынан болуы мүмкін.