Бүгін белгілі суретші, этнограф-ғалым Қалиолла Ахметжанның «Көңiл айнасы» атты көрмесі ашылады

АСТАНА. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін Астана қаласындағы Қазiргi заман өнерi мұражайында Қазақстан Суретшiлер одағының мүшесi, этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР Мәдениет қайраткерi Қалиолла Ахметжанның «Көңiл айнасы» атты көрмесі ашылады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қ.Ахметжан Ленинград қаласындағы И. Репин атындағы КСРО Көркемсурет академиясының живопись, мүсiн және сәулет институтынан тәлім алған. Ол ұлттық бояуы мол, рухани тәрбиеге сусындайтын ондаған туындылардың авторы. Бір ерекшелігі Қалиолла Ахметжан халқымыздың қару-жарақтарын зерттеген жан. 2006 жылы «Алматыкітап» баспасынан «Қазақтың дәстүрлі қару жарағының этнографиясы» атты зерттеу еңбегі жарық көрген.

Белгілі суретші осы көрмені еліміздің басты мейрамы - Тәуелсiздiк күнiне орай өткізгелі отырғанын мәлім етті. Аталмыш көрмеде қыл қалам шеберінің бірнеше туындылары жұртшылық назарына ұсынылмақ. Оның ішінде Қазақстанның өткені мен бүгіні және келешегі жайлы көрікті ойларды тоғыстырған шығармалар бар.

Суретші, зерттеуші ғалымның бұл көрмесі 60 жылдық мерейтойы құрметіне арналған. Қыл қалам шеберінің қолынан шыққан туындыларының көрмесі сағат 18.30-да ашылады.

Соңғы жаңалықтар