Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында Елорданың көшірілгеніне 12 жыл толуына орай мерекелік концерт өтеді
АСТАНА. Желтоқсанның 10-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан мемлекеті астанасының Жетісу өңірінен Сарыарқа төріне көшірілгеніне 12 жыл толуына орай мерекелік концерт өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл мәдени шараны Астана қаласының әкімдігі ұйымдастырып отыр.
Осы салтанатты шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, зиялы қауым өкілдері, атқарушы биліктің жауапты қызметкерлері шақырылып отыр.
Тарихи күнге байланысты мерекелік концерт сағат 18-00-де басталады.