Бүгін білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның жұмысы басталды

АСТАНА. Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ағымдағы жылы тамыздың 5-і мен 8-і аралығында Білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның жұмысы жүреді,

Бүгін білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның жұмысы басталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат

Аталған комиссияның құрамына білім және ғылым, денсаулық сақтау министрліктерінің қызметкерлері, жоғары оқу орындарының ректорлары мен білім беру кәсіподақ ұйымының өкілдері кіреді. Конкурстық комиссия 2009 жылы ЖОО-на түсетін талапкерлерге бірыңғай ұлттық тестілеу мен кешенді тестілеудің қорытындылары бойынша білім беру гранттарын тағайындайтын болады.

Ағымдағы жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 34840 адам грантқа ие болса, оның 33840-ы күндізгі оқу бөліміне, ал 1000-ы сырттай оқу бөліміне қабылданбақ.

Сонымен қатар, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалына Түрік Республикасынан студенттер қабылдау, өзге түркітілдес республикалардан Қ.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне, сондай-ақ нысаналы орындар бойынша  Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіне студенттерді, ЖОО-ның даярлық топтарына тыңдаушыларды қабылдау көзделген.