Бүгін бір қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

АСТАНА. ҚазАқпарат – 15 шілдеде Қазақстанның көптеген қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Бүгін бір қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

Синоптиктердің мәліметінше, тек Алматы қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.