07:39, 24 Қазан 2012 | GMT +5
Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымы күні
АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы күшіне енген күн - 24 қазан (1945 жылы) 1948 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының күні ретінде мерекеленеді.
Дәстүр бойынша ол Ұйымның жетістіктері мен мақсаттарына арналған кеңестер, пікірталастар мен көрмелерді ұйымдастырумен атап өтіледі.
1971 жылы Бас Ассамблея барлық мүше-елдерге оны мемлекеттік мереке ретінде атап өтуді ұсынды (2782 қарары (XXVI)).