Бүгін бірқатар қалада ауа сапасы нашарлауы ықтимал - Қазгидромет

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 22 сәуірде еліміздің 5 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.

«Қазгидромет» болжамы бойынша, Қазақстанның бас қалалары – Астана мен Алматыда және Өскемен, Семей мен Ридерде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасуы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар