Бүгін біз заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігінің екі аспектісін қарастырамыз ? Конституциялық кеңестің төрағасы
АЛМАТЫ. Маусымның 5-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігінің өзекті мәселеге айналуы ел экономикасының шынында да еркін, нарықтық болуынан.
Бұл жайлы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі: халықаралық тәжірибе, Қазақстанға енгізу перспективалары» деп аталатын дөңгелек үстел жиынында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Нарықтық экономика жағдайында көптеген елдер заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін енгізуде. Ол ең алдымен АҚШ пен Ұлыбританияның қылмыстық құқықтарында кеңінен қарастырылды. Соңғы жылдары Италия, Нидерландия, Норвегия, ГФР, Францияда енгізілді. Жақында көршілес Қытай елінде жаңа қылмыстық кодекс енгізілді. Бұл заңгерлер үшін аса маңызды», - дейді Конституциялық кеңестің төрағасы Игорь Рогов. Оның айтуынша, бұл жиында заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігінің екі қыры қарастырылмақ. Біріншісі, қылмыстық кодекске заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі енгізілген жағдайда ол қылмыстық алдын алуға қаншалықты ықпал ететіні. Екіншісі, қылмыстық құқықтың ұлттық жүйесіне байланысты реформа.