Бүгін бокстан Олимпиада жолдамалары сарапқа салынып жатқан додада І. Сүлейменов өзінің алғашқы кездесуін өткізеді

7 сәуір күні түскі сағат 14.00 шамасында жерлесіміз Ілияс Сүлейменов олимпиадалық лицензия үшін болатын жекпе-жекте өзінің алғашқы кездесуін өткізбек. І. Сүлейменовтың қарсыласы қырғыз елінің боксшысы Азат Үсеналиев.
Астаналық Ілияс Сүлейменов өнер көрсететін 52 келі салмақ дәрежесінде Лондон олимпиадасының төрт жолдамасы сарапқа салынатынын еске саламыз. Ал жерлесіміздің олимпиада лицензиясын қанжығаға байлауы үшін кем дегенде жартылай финалға дейін шығуы керек. Бас бапкер Мырзағали Айтжанов бұл салмаққа байланысты ойын айта келе, өткен жолы Ілияс Сүлейменовтың Англияда өткен оқу-жаттығу жиындарында екі рет жекпе-жек өткізгенін, соның екеуінде де жақсы жұдырықтасып, жеңіске жеткенін айтқан болатын. Сондықтан да, жерлесіміздің лицензиялық дода бойынша жекпе-жегінің сәтті өтуіне тілектеспіз.
Естеріңізге сала кетейік, кеше жерлесіміз Данияр Елеусінов Астана рингінде алғашқы кездесуін айқын жеңіспен аяқтаған болатын.