Бүгін «Болашақ» бағдарламасының тиімділігін бағалауды зерттеу нәтижесінің қорытындысы таныстырылады

АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін елордада «Нұр Отан» ХДП Қоғамдық саясат институтының ««Болашақ» бағдарламасының тиімділігін бағалау» атты зерттеу нәтижесінің қорытындысы мен ғылыми монография жобасын таныстыруды көздеген баспасөз мәслихаты өтеді.

Бүгін «Болашақ» бағдарламасының тиімділігін бағалауды зерттеу нәтижесінің қорытындысы таныстырылады

Аталмыш зерттеу ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасының 20 жылдығына арналып отыр. Институт сарапшылары стипендияның тиімділігі жөнінде қоғамдық пікірді зерттей отырып, бағдарламаны жүзеге асырудағы негізгі үрдісті анықтады.

Таныстырылымға білім саласындағы сарапшылар, бағдарламаның серіктестері болып табылатын шетелдік ұйымдар мен зерттеу орталықтарының, жоғары оқу орындарының өкілдері, сонымен қатар «Болашақ» стипендиясы қауымдастығының өкілдері шақырылып отыр.