Бүгін Британияда Уильям Шекспирдің туған күні атап өтілуде
Атақты драматургтің туындылары әлі күнге дейін әлем театрларының сахналарынан түспей келеді, ол ең танымал театр авторларының бірі саналады. Аты әлемге жайылған талантты шығармашылық иесінің нақты туған күні тарихта қалмаған. Дегенмен, оның 26 сәуір күні шоқындырылғаны белгілі.
Уильям Шекспир Англияның провинциялық қаласы Эйвондағы Стратфордта І Елизавета патшайым басқарған кезеңде дүниеге келген. Оның әдебиет пен театр саласындағы шығармашылығының өрлеу кезеңі І Яков кезеңіне тұспа-тұс келді.
Шекспирдің қалдырған құнды мұрасында 38 пьеса, 154 сонета, 4 поэма мен үш эпитафия бар. Ол пьесалар жазып қана қоймай, сонымен бірге, оларды өзі сахналаған. Сондай-ақ театрда «Глобус» деген атпен өнер көрсеткен «Корольдің қызметшілері» актерлер труппасына жетекшілік етті.
Ағылшындық данышпанның «Гамлет», «Король Лир», «Ромео мен Джульетта» сынды трагедиялары өзінің құндылығын жойған емес, деп жазады ИТАР-ТАСС.