Бүгін - Бүкіләлемдік астрология күні
АСТАНА. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат – Бүгін - Бүкіләлемдік астрология күні. Астрология (грек тілінде astron – «жұлдыз» және logos – «сөз, ілім») – жер шарына және адамға жұлдыздардың әрекет етуі туралы ілім.
Астрология ежелде қалыптасқан, жұлдызды ғибадатпен және жұлдызды аңызбен тығыз байланысты. XX ғасыр аяғында батыс жұлдызшылары астрология күнін наурыздың 20-ында, астрономиялық және астрологиялық жыл басталған уақытта атап өтуді ұсынды. Күн бұл кезде тоқты белгісіне енеді (көктемгі күн мен түннің теңесу күні 20-21 наурызға сәйкес келеді).