Бүгін - Бүкіләлемдік балалар күні
АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін - Бүкіләлемдік балалар күні. Дәл осы күні 1954 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясы барлық мемлекеттерге Бүкіләлемдік балалар күнін бар әлемдегі балалардың амандығын қамтамасыз етуге бағытталған балалар туыстығы мен өзара түсіністігінің әлемдік күні ретінде атап өтуді өздерінің тәжірибесіне енгізу туралы ұсыныс жасады.
1959 жылғы 20 қарашада Ассамблея Балалар құқығы декларациясын қабылдады, ал 1989 жылы - Балалар құқығы Конвенциясы қабылданды.