Бүгін - Бүкіләлемдік халық саны күні

АСТАНА.  Шілденің 11-і.  ҚазАқпарат - Бүгін   - Бүкіләлемдік    халық  саны күні. Біріккен  Ұлтар Ұйымының    мәліметтері  бойынша   1987  жылы   шілденің 11-інде   Жер халқының саны
None
None

шамамен 5 миллиард адамды  құрады, сондықтан да     осы күн -  Бес  миллиардтың күні (Five Billion Day)  деп    шартты  аталды. Екі  жылдан кейін, 1989     жылы БҰҰ  Бүкіләлемдік   халық саны күні   халықаралық мерекесін  бекітті және бұл  мереке  жыл  сайын  шілденің 11-інде атап өтіледі.

БҰҰ сарапшыларының болжамдарына қарағанда, соңғы 45 жыл ішінде адам саны 9 миллиардқа дейін көтерілуі мүмкін. Бірақ, дамыған мемлекеттердің тұрғындары көбеймейді, 1,2 млрд деңгейде тұрақталады. 2050 жылы Германия, Италия, Жапония, Украина және Ресей сынды 50 мемлекет тұрғындарының саны 2005 жылға қарағанда төмен болады. БҰҰ баяндамасына қарағанда адамдардың орташа өмір сүру деңгейі 1950-1955 жылдары 46 жас болса, 2000-2005 жылдары 64 жас. Яғни, адамдардың өмір сүру деңгейі 18 жылға өскен. 2050 жылы орташа өмір сүру деңгейі 75, ал дамыған мемлекеттерде 82 жас болады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар