Бүгін - Бүкіләлемдік сүйісу күні

АСТАНА. 6 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін, 6 шілде - Бүкіләлемдік сүйісу күні. Мерекені алғаш рет Ұлыбританияда ойлап тапты.
None
None

Ал жиырма жыл бұрын оны Біріккен Ұлттар Ұйымы ресми түрде бекітті.

Сүйісу қалай пайда болды? Көптеген білгіштердің айтқандарына сүйенсек, өзге адамды алғаш рет сүйген автордың есімі анықталмаған. Ол электр жарығы немесе телефон сияқты ойлап шығарылмаған.

Сүйісумен атақтары шыққандар. Миннесота тумасы, америкалық А. Е. Вольфрам 1990 жылғы 15 қыркүйекте өз штатында өткен фестиваль кезінде 8 сағат ішінде 8001 адамды сүйіп шықты. Ол әрбір 3,6 секунд сайын жаңа адамды сүйіп отырды.

Адамдардың бір-бірін сүюі көгілдір экранда тұңғыш рет 1896 жылы көрсетілді. Ол Томас Эдисонның «Сүйісу» атты 30 секундтық ролигінде көрсетілді (сүйісудің авторлары - Мэй Ирвин және Джон С. Райе).

Соңғы жаңалықтар
Референдум