Бүгін - Бүкіләлемдік теңіз күні

АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни қыркүйектің 24 - Бүкіләлемдік теңіз күні. Бүкіләлемдік теңіз күнін 1978 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 10 сессиясының шешімімен қабылдаған.

Бүгін - Бүкіләлемдік теңіз күні

Бүкіләлемдік теңіз күнінің мақсаты - теңіздер мен мұхиттарда балықты шектен тыс аулаудың, суаттарды ластау мен жаһандық жылынудың қаншалықты орны толмас зиян шектіретініне халықаралық қоғамдастық назарын аудару. Мейлінше маңызды екі міндет - теңіздегі қауіпсіздікті арттыру және теңіз аумағын ластаудың, соның ішінде мұнаймен ластаудың алдын алу.