Бүгін - Бүкіләлемдік туризм күні
АСТАНА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат - Бүгін - Бүкіләлемдік туризм күні. Бұл атаулы күнді 1979 жылы Испанияның Торремолино қаласында Бүкіләлемдік туристік ұйымның Бас ассамблеясы бекіткен.
Мерекенің мақсаты - туризмді насихаттау, оның әлемдік қауымдастық экономикасына үлесін жариялау, түрлі елдердің халықтары арасындағы байланысты дамыту.
Бұл мейрам әлем елдерінің көпшілігінде тойланады, туристер бас қосуы ұйымдастырылып, мерекелік шаралар мен фестивальдер өткізіледі.