Бүгін Бүкілдүниежүзілік күлімсіреу күні

Суретші ХХ жылдың басында Америкада өмір сүрді. Оның шығармашылығы есте қаларлықтай ерекшеленбеді: сыншылар оған аса қызығушылық танытқан жоқ, оның картиналары өміршең болатынын ешкім болжамаған.
Бірақ бір күні оған State Mutual Life Assurance Company of America сақтандыру компаниясының өкілдері келіп, компанияның бет бейнесі болатын, есте сақталатын символды ойлап табуды өтінді.
Харви көп ойланбай, тапсырыс берушілерге қазіргі интернетті пайдаланушылар «смайлик» деп атайтын - күлімсіреген жүзі бар сары шеңберді ұсынды. Бұл 1963 жылы болды. Тапсырыс берушілер жұмысты қабылдады, Бэллге елу доллар беріп, символды көбейтті де компанияның барлық қызметкеріне таратып берді. Жетістік күткеннен де зор болды. Ал бірнеше айдан кейін-ақ он мыңнан астам төсбелгі шығарылды.
Көп ұзамай күлімсіреген шеңбер футболкаларда, бейсболкалар, конверттер, ашықхаттар мен сіріңке қораптарында пайда бола бастады. Тіпті АҚШ-тың пошта ведомствосы осы символмен марканы шығарды.
Бүкілдүниежүзілік күлімсіреу күні алғаш рет 1999 жылы атап өтілді. Суретші бұл күн жақсы көңіл-күйге арналуы тиіс деп санады.