Бүгін - Чад Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні

АСТАНА. 11 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін - Чад Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1960). Чад - Орталық Африкада орналасқан мемлекет.

Бүгін - Чад Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні

Солтүстігінде Ливиямен, шығысында Суданмен, оңтүстігінде Орталық Африка Республикасымен, батысында Камерун, Нигерия және Нигермен шектеседі. Астанасы - Нджамен қаласы. Ресми тілі - араб және француз тілдері, сонымен қатар тағы да 100-ге жуық тіл қолданылады. Ақша бірлігі - Африка қаржы қауымдастығы франкі.