Бүгін де еліміздің басым бөлігінде жел тұрып, бұрқасын соғады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 қараша Алматы облысының басым бөлігінде жауын-шашын, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады, деп хабалайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілеме жасап.
None

Астана қаласында қар жауады, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады.

Бұл күні Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, түнде облыстың орталығында, шығысында көктайғақ болады. Жел батыстан соғады.

«Бүгін Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с дейін барады.

Ақмола облысының басым бөлігінде қар жауады, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады», - деп хабарлады ведомстводан.

16 қарашада Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 23-28 м/с дейін барады.

Осы күні Ұлытау облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысынның солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады.

«16 қарашада Абай облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан тұрады.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында - 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с дейін барады. Тараз қаласында түнде және таңертең тұман түседу. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні кей уақытта 23-28 м/с жетеді», - деп ескертті синоптиктер.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады. Шымкентте де таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (жаңбы, қар). Кей уақытта тұман, көктайғақ.

16 қарашада Павлодар облысының басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, бұрқасын сақталады. Оңтүстік-батыстан жел соғады

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, күндіз оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады.

Бүгін Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады. Түнде басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының да басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көқтайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады.

16 қарашада Жетісу облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Соңғы жаңалықтар