Бүгін дүние жүзі католиктері Пасха мерекесін тойлайды

АСТАНА. 31 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін дүние жүзі католиктері христиан дініндегі басты мереке - Пасханы тойлайды.

Бүгін дүние жүзі католиктері Пасха мерекесін тойлайды

Бұл туралы РБК хабарлайды.

Негізгі салтанатты шаралар Ватиканда өтеді. Пасхаға байланысты шаралар Рим Папасы Францисктің қатысуымен түнгі литургиядан басталды.

Католицизм - христиандықтың ең ірі тармағы. Әлемде 1.2 млрд католиктер бар. Атап кетейік, православ христиандары Пасханы 5 мамыр күні тойлайды.