Бүгін Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы Талғат Мамашев «Еуразиялық бірлік үшін» қорының президенті Dr.Иштван Венцемен кездесті

АЛМАТЫ. 14 қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда Қауымдастық үйінде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы Талғат Мамашев пен Мажарстандағы қыпшақтар қоғамының мүшесі, әрі «Еуразиялық бірлік үшін» қорының президенті Dr.Иштван Венце мен қордың төралқа мүшесі Пап Атилла қатысқан кездесу өтті.
None
None

Кездесуде Dr.Иштван Венце, 2009 жылғы «Алтын адамнан Атиллаға дейін» атты тарихи шабандоздар саяхатына қауымдастық тарапынан көрсетілген қамқорлықтары үшін Талғат Асылұлына үлкен алғысын білдіре отырып, 2012 жылы «Будапешт-Астана» бағыты бойынша жоғарыдағы іс-шараны жалғастыруды, Елбасының туған күні атажұртқа жетуді жоспарлап отырғанын айтты. Сондай-ақ, ол өз сөзінде: «Румыния еліндегі Добруж татарларын (ноғайларын) іздеуші ретінде алғашқылардың бірі болып отырсыз. Біз Добруж қаласын басып өтіп, ондағы қандастарымызбен кездескен уақытта әрдайым сіздің сәлеміңізді жеткізетін боламыз, олармен байланыс жасауларыңызға уәде беремін», - деп ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде Талғат Мамашев: «Сіздердің жобаларыңызды қолдауға дайынбыз, маршруттарыңызды алдын ала, ертерек бергендеріңіз жөн және де Румынияда жүрген қандастарымызбен байланыс жасағымыз келеді. Норвегияның Осло қаласындағы ноғайлармен кездесу өткізгенімізде қоғам құрып бізге тіркеліңіздер деген пікір білдірген едім. Олар әлі жайбарақаттық танытып жүр»,-деді.

Соңғы жаңалықтар