Бүгін - Дүниежүзілік аккредиттеу күні
Мерекенің ерекше символикасы - ҰАО жақында Азия-Тынық мұхиты аккредиттеу ынтымақтастығының (АРАС) бағалауынан өтуі болды. Сол арқасында ҰАО ILAC және IAF халықаралық аккредиттеу ұйымдарының толыққанды мүшесі болып табылады. Бұл өз кезегінде аккредиттелген субъектілерге халықаралық нарығында өзара танылатын құжатарды беруге ықпалын тигізеді.
Мерекелік шара шығармашылық, кәсіптік бағдар беру және отбасылық сезімді нығайтуға арналған.
Мереке қарсаңында ҰАО қызметкерлерінің балалары мен немерелері арасында сурет пен эссе байқауы жарияланды. Сол арқылы балалар «Аккредиттеу дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беруге тырысты.
Байқауға ондаған суреттер мен эсселер келіп түсті. Балалар шығармашылық және интеллектуалды тұрғыда үлкен жұмыс атқарды, өйткені «аккредитация» ұғымын сөз және сурет арқылы жеткізу өте қиын.
Суреттер қойылған стендті және мерекелік фотосессияны тамашалағаннан кейін балалар ата-анасының, ата-әжесінің жұмыс бөлмесіне барды.
Қызметкерлер өз жұмыс орнын көрсетіп, олардың қызметтік міндеттері қандай, жұмыс күндері қалай өтетінін, бағалаушы, талдаушы, менеджер және басқа ҰАО мамандарының атқаратын ісінің ерекшеліктері туралы айтып берді.
Мәжіліс залында ҰАО Бас директоры Талғат Момышев балаларды өзі күтіп алды.
– Бүгін біздің кеңседе жақындарыңыздың жұмыс орнында қонақ болып, танысқандарыңызға қуаныштымын. Сіздер - біздің болашағымыз, ертеңгі үміттеріміз, - деп атап өтті Талғат Момышев. – Үйде аккредиттеу сөзін жиі естуге тура келетін шығар. Ол латынның accredo – «сенім» сөзінен шыққан. Аккредиттелген компанияларға сенуге болады. Олардың қызметі мен өнімдері сапалы, қауіпсіз, олар Қазақстандағы және әлемдегі ең үздік деуге болады.
ҰАО Бас директоры балаларды аккредиттеу туралы білімін одан әрі тереңдетуге, және болашақта жақындарының кәсіби жолын жалғастыруға шақырды.
Балалар мен ересектерге арналған үздік қызметкерлерді марапаттау рәсімінен кейін 27 мамыр-2 маусым аралығында өткен Азия-Тынық мұхиты аккредиттеу ынтымақтастығының ҰАО қызметін бағалау қорытындысы жайлы бейнероликтің тұсауы кесілді.