Бүгін - Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күні

АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күні әлемде 2009 жылдан бастап атап өтіліп келеді.
None
None

БҰҰ Бас Ассамблеясы мерекені 2007 жылдың 26 қарашасында бекітті. Жаңа дата - 20 ақпанның пайда болуына 1995 жылдың наурызында Копенгагенде жоғары деңгейде өткен бүкіләлемдік кездесу түрткі болды. Онда қазіргі қоғамды әлеуметтік дамыту міндеттері жария етілді.

БҰҰ-ға мүше-мемлекеттер 20 ақпанды ұлттық деңгейде әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға бағытталған іс-шараларды өткізуге арнайды. Бұл бағытта жұмыс істейтін негізгі құжаттардың бірі - әділетті жаһандану мақсатында әлеуметтік әділеттілік туралы декларация.

БҰҰ кедейшілікті жою, еңбекпен толық қамтамасыз ету, лайықты жұмыс тауып беру, ерлер мен әйелдер теңдігін сақтау, барлық адамдар үшін әлеуметтік жайлы жағдай мен әділеттілікті іске асыру принциптерін қолдайды.

Соңғы жаңалықтар