Бүгін - Дүниежүзілік балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрес күні

АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрес күні Халықаралық еңбек ұйымымен бекітіліп, жыл сайын 12 маусым күні атап өтіледі.

Бүгін - Дүниежүзілік балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрес күні

Күнтізбеге жаңа датаны енгізу идеясы 1997 жылы Амстердам мен Ослода өткен балалар еңбегін пайдаланудың ең нашар түрлеріне қарсы күрес бойынша конференция мен балалар еңбегі мәселелері бойынша конференциядан кейін туындады. Аталмыш шаралар балалардың еңбегін қанауды жою жолында жаһандық күш-жігер жұмсалу қажеттігіне қоғамның назарын аудартты.

Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде жұмыс істейтін балалардың саны 215 миллионға жетті. Олардың 115 миллионы қауіпті жағдайларда еңбек етуде. Халықаралық еңбек ұйымына мүше мемлекеттер 2016 жылға қарай балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жоюды діттеп отыр.