08:31, 03 Мамыр 2011 | GMT +5
Бүгін - Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні
АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін - Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні.

Бұл атаулы күн БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО) қолдауымен және Африка елдерінің тәуелсіз баспасөз өкілдерінің ұсынысы бойынша1992 жылдан бері атап өтіледі.
Мамырдың 3-і текке таңдап алынбаған, 1991 жылы нақ осы күні Намибияның астанасында қол қойылған бүкіл әлем мемлекеттері үкіметтерін баспасөз бостандығы мен оның демократиялылығын қамтамасыз етуге шақырған «Виндхук декларациясының» құрметіне және 1993 жылғы желтоқсанның 21-індегі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешіміне орай осынау атаулы күн тойланып келеді.