Бүгін - Дүниежүзілік босқындар күні
АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Түрлі мемлекеттер мен аймақтар ұзақ жылдар бойы босқындарға арналған жеке еске алу күндерін, тіпті апталықтарын атап өтіп келді.
Олардың арасында ең белгілісі - Африка босқындары күні бірқатар мемлекеттерде 20 маусымда атап өтіледі.
БҰҰ Бас Ассамблеясы 2001 жылы босқындардың дені тұратын және оларға қайырымдылық танытатын Африкамен ниеттесу туралы арнайы шешімді бірауыздан қабылдады.
Бүгінгі таңда әлемде 20 миллионға жуық босқын және 25 миллион ішкі мигранттар тіркелген. Кейбір мәліметтер бойынша, босқындардың дені Африкада, ауған қақтығысының аймағында, Балканда орналасқан. Мұның барлығы босқындар мәселесін қазіргі әлемдегі ең өзекті проблема етіп отыр.
Бүгінде 1950 жылы құрылған БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасы аталмыш мәселені шешуге атсалысып жүрген орталық халықаралық агенттік болып табылады.