09:43, 07 Сәуір 2010 | GMT +5
Бүгін - Дүниежүзілік денсаулық күні
АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат - Бүгін - Дүниежүзілік денсаулық күні.
Бұл атаулы күн Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 1948 жылы құрылған күнінде атап өтіледі. Сол кезден бері әлемнің екі жүзге жуық мемлекеті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше болған.
Денсаулық күнін жыл сайын өткізу 1950 жылдан бастап дәстүрге айналды. Бұл күн адамдардың өз өмірлерінде денсаулықтың мәні қаншалықты зор екенін түсініп, бүкіл әлемде адамдар денсаулығын жақсарта түсіру мақсатында тиісті шешім қабылдаулары үшін өткізіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әр жылды медицинадағы аса көкейкесті мәселелердің біріне арнап отырады. 2010 жылы бұл күн «Қалалардың тазалығы үшін жаһандық қозғалыстың қатысушысы болыңыз» тақырыбымен өтеді.