Бүгін - Дүниежүзілік денсаулық күні

АСТАНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін - Дүниежүзілік денсаулық күні. Бұл атаулы күн Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылған күнінде атап өтіледі. 1948 жылы құрылғаннан бері әлемнің екі жүзге жуық мемлекеті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше болып отыр.

Бүгін  - Дүниежүзілік денсаулық күні

Денсаулық күнін жыл сайын өткізу 1950 жылдан бастап дәстүрге айналды. Бұл күн адамдардың өз өмірлерінде денсаулықтың мәні қаншалықты зор екенін түсініп, бүкіл әлемде адамдар денсаулығын жақсарта түсу мақсатында тиісті шешім қабылдаулары үшін өткізіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әр жылды медицинадағы аса көкейкесті мәселелердің біріне арнап отырады.

2011 жылғы Дүниежүзілік денсаулық күнінің тақырыбы - Микробтарға қарсы дәрілердің тұрақтылығы және ауру адамдарды емдеу үшін қолданылатын көптеген дәрілердің жаһандық таратылуы. Ұйым 2011 жылы Бүкіләлемдік денсаулық күні болашақ ұрпақтар үшін дәрілерді қорғау бойынша бүкіләлемдік науқанды өткізуге дайындалады.