Бүгін - Дүниежүзілік донор күні

АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - 2005 жылдың мамырында Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ассамблеясының барысында бірқатар мемлекеттің денсаулық сақтау министрлері ерікті қан тапсыруды қолдау туралы өтінішті бірауыздан мақұлдады.

Бүгін - Дүниежүзілік донор күні

Олар қарарда 14 маусымды Дүниежүзілік қан донорының күні ретінде атап өтуді бекітті.

Аталмыш шараға БҰҰ-ға қатысушы 193 мемлекет, Қызыл жарты ай мен Қызыл крест ұйымдарының 181 ұлттық қоғамы, ерікті қан тапсырушылардың 50 ұйымы және әлемнің түкпір-түкпірінен қан құюға машықтанған көптеген мамандар қатысады.

Әлемде әр секундта кез келген жастағы адамда және оның шығу-тегіне қарамастан қан құюға деген қажеттілік туындайды. Қанға деген қажеттілік жалпы болғанымен, оған қолжетімділік барлығында бірдей емес. Әсіресе қанға деген тапшылық әлем халқының дені тұратын дамушы елдерде байқалуда.