Бүгін Дүниежүзілік ғарыш апталығы басталады
Ғарыш дәуірі басталған күнді 1967-ші жылдың қыркүйегінде Халықаралық астронавтика федерациясы жариялаған болатын. БҰҰ Бас Ассамблеясы 1999-шы жылғы желтоқсанның 6-сында адам әл-ауқатын жақсартуға ғарыш ғылымы мен техникасы қосатын қомақты үлесті атап көрсету мақсатымен қазанның 4-і мен 10-ы аралығындағы аптаны Дүниежүзілік ғарыш апталығы (World Space Week) деп жариялады.
Адамзат ғарыш дәуірінің басталуы күні - Қазақстан үшін айрықша мереке. 1957-ші жылы қазанның 4-інде нақ Қазақстан топырағынан планета тарихында тұңғыш рет Жердің жасанды серігі ғарышқа шықты және Жердің тұңғыш ғарышкері Юрий Гагарин осы жерден ғарышқа көтерілді. Нақ Байқоңыр ғарышқа ұшқан кеңестік, сосын ресейлік және шетелдік ғарыш кемелері үшін де басты ғарыш айлағына айналды.
Қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Гиннесс рекордтар кітабына енгізілген, бір ұшу мерзімінде оған дейін ешкім ашық ғарышта бір тәуліктен артық болып көрмеген.