Бүгін Дүниежүзілік көз жанарының күні

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік көз жанарының күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бастамасымен қазан айының екінші бейсенбісінде атап өтіледі.
None
None

Бұл дата күнтізбеде зағиптық, көз көруінің нашарлауы және көз көруі нашарлаған адамдарды сауықтыру проблемаларына жаһандық назар аударту мақсатында белгіленді.

Бұл күн сондай-ақ, ДДСҰ мен Зағиптықтың алды алу жөніндегі халықаралық агенттік құрған «Көз жанары 2020: көруге құқық» атты зағиптықтың алдын алу бойынша жаһандық бастаманың негізгі оқиғасы болып табылады.

Зағиптықтың алды алу жөніндегі халықаралық агенттіктің мәліметінше, әлемде 284 миллионға жуық адамда көз жанарымен байланысты проблемалар бар, олардың 39-ы миллионы мүлдем көрмейді. Көз сырқаттарына 19 миллионнан астам бала шалдыққан. Уақытылы ем-дом қабылдаған жағдайда зағиптықтың 80 пайыз оқиғасының алдын алу мүмкін еді.

Дүниежүзілік көз жанарының күні шеңберінде көз ауруларын болдырмауға бағытталған ағартушылық және алдын алу іс-шаралары өткізіледі. Кейбір елдерде бұл күні тұрғындар офтальмологтың қарауынан өтуге мүмкіндік алады.

Соңғы жаңалықтар