Бүгін Дүниежүзілік мұғалімдер күні

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Жыл сайын 5 қазан күні 100-ден астам мемлекетте 1994 жылдан бері қалыптасқан Дүниежүзілік мұғалімдер күні атап өтіледі.
None
None

Бұл барлық мұғалімдердің, оқытушылар мен жалпы білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.

Мұғалімдер күнінің тағайындалуына 1966 жылдың 5 қазанында Парижде өткен мұғалімдердің мәртебесі туралы Арнайы үкіметаралық конференция тарихи негіз салды. Нәтижесінде ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымының өкілдері «Мұғалімдердің мәртебесіне қатысты ұсыныстар» құжатына қол қойды.

1994 жылдың 5 қазаны күні Дүниежүзілік мұғалімдер күні алғаш рет атап өтілді. Содан бері мерекелік іс-шаралар өзгеріссіз осы күні тойланады. Дегенмен, жекелеген елдер мерекені 5 қазанға жақын күндері атап өтеді.

Мысалға, Ресей 1994 жылдан бері Мұғалімдер күнін дүниежүзілік күнтізбе бойынша 5 қазан күні атап өтеді. Бұрын кәсіби мереке қазанның алғашқы жексенбісіне дөп келетін.

Ал Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Латвия және Украина Мұғалімдер күнін қазанның алғашқы жексенбісінде тойлайды.

Кейбір статистикалық мәліметтер бойынша, 2015 жылға қарай жалпы алғанда бастауыш мектептерге 35 миллионға жуық мұғалімі қажет болады. Қазір бастауыш білім беру саласында жүрген ұстаздардың саны осы шаманы құрайды.

Соңғы жаңалықтар