Бүгін - Дүниежүзілік радио күні

АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік радио күні - жаңа мереке, ол алғаш рет 2012 жылы атап өтілді. Ал оны бекіту туралы шешімді ЮНЕСКО 2011 жылы қабылдады.
None
None

1946 жылы ақпанның дәл 13-і күні «БҰҰ Радиосы» эфирге шықты, оның стансысы Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде орналасты.

Бұл мерекеге орай ЮНЕСКО-ға кіретін көптеген мемлекеттерде радиотарату компанияларының қатысуымен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.

ЮНЕСКО бекіткен Дүниежүзілік радио күнінен бөлек, бұл байланыс түрін ұнатушылар сондай-ақ 18 ақпан - Дүниежүзілік радио сүюші күнін атап өтеді. 1925 жылы осы күні Парижде Халықаралық радио сүюшілер одағы құрылды.

Соңғы жаңалықтар