Бүгін - Дүниежүзілік су қорлары күні

АСТАНА. Наурыздың 22-сі. ҚазАқпарат - Бүгін - Дүниежүзілік су қорлары күні. 1992-ші жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның Қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі конференциясында 22-ші наурыз - Дүниежүзілік су қорлары күні деп жарияланды.

Бүгін -  Дүниежүзілік су  қорлары күні

Бас Ассамблеяның 1992-ші жылғы желтоқсанның 22-сіндегі 47/193 қарарымен жарияланған Дүниежүзілік су қорлары күні - таза ауызсумен қамтамасыз етуде қолға алынып отырған нақты күш-жігер және кездесіп отырған қиыншылықтар мен олардан арылуға бастайтын шешімдер оңды нәтижелерге жетуге жәрдемін тигізетінін баршаның есіне салудың баға жетпес мүмкіндігі.

Бас Ассамблея 2003-ші жылғы желтоқсанның 23-індегі 58/217 қарарында 2005 - 2015 жылдарды - Халықаралық «Су - өмір үшін» іс-қимылдар онжылдығы деп жариялады.