Бүгін - Дүниежүзілік темекісіз күн

АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін - Дүниежүзілік темекісіз күн. Дата 1988 жылы 31 мамыр күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен жарияланды.
None
None

Әлемдік қауымдастық алдына XXI ғасырда темекі тарту проблемасын жою міндеті қойылған болатын. XXI ғасырға аяқ басқанымызбен, түйіткіл жойылмады. Никотинмен күрес әлі де жалғасуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, шылым шегудің салдарынан жыл сайын 300 мыңға жуық адам өмірден ерте озады. Көрсеткіш жол-көлік апатынан, ЖИТС-тен немесе есірткіден көз жұмғандардың санынан көп.

Темекіден бас тарту оңай емес. Никотин тәуелділікті тудырады, және бәріміз де темекіні тастауға тырысып, бірақ бірнеше айдан кейін-ақ шылымды қайта қолдарына алған адамдарды білеміз. Дамушы ірі мемлекеттердің бірінде жүргізілген сауалнама көрсеткендей, темекіні тартантындардың үштен екісі оның зияндығы шамалы немесе тіпті жоқ екеніне сенімді. Олардың арасында бұл дағдыдан арылғысы келетіндердің саны аз, ал шылымды тартудан бас тартқандар одан да төмен болып отыр.

Соңғы жаңалықтар