Бүгін - дүниежүзілік ЖҚТБ-мен күрес күні

Алғаш рет 1988 жылы Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған, 1996 жылдан бастап БҰҰ-ның АҚТБ/ЖҚТБ (ЮНЭЙДС) Біріккен бағдарламасымен өткізіледі.
ЮНЭЙДС бағалары бойынша, 15 пен 49 жас аралығындағы 35,7 млн. адам АҚТҚ індетін жұқтырып алған, олардың 26 мыңы - еңбекке қабілетті жастағы адамдар. Індетті жұқтырып алу мен ЖҚТБ-ден қайтыс болудың жаңа жағдайларының шамамен үштен бірі Сахараның оңтүстігінде жатқан сегіз африкалық елде болып жатады.
Қазақстанда ЖҚТҚ-ның алдын алу және онымен күрес бойынша Республикалық орталықтың мәліметтері бойынша ағымдағы жылдың 1 қарашасында 17 457 АҚТҚ індетін жұқтырып алушылар тіркелген, олардың арасында 14 жасқа дейінгі балалар саны - 365, 1446 ЖҚТБ інлетімен ауыратындар бар, соның ішінде - 75 бала. 3 276 АҚТҚ індетін жұқтырып алғандар көз жұмды, олардың 1108-і - ЖҚТБ сатысында (33,8%) болған, олардың арасында - 7 бала бар. АҚТҚ індетінің тұрғындар арасында таралуы - 0,105%. 15-49 жас аралығындағы топта 16 528 (94,7%) тіркелді, таралуы - 0,182% (2010 жылдың аяғына қарай - 0,17%). Соның ішінде ер адамдар - 70,3%, әйелдер - 29,7%.
АҚТҚ індеті Қазақстанның 16 әкімшілік аумағында тіркелген. Бірінші орында - Алматы (3493 адам - анықталғандардың жалпы санының 20%-ы), екінші орында - Павлодар, ал үшінгі орында - Қарағанды облыстары тұр. АҚТҚ індеті расталған адамдар арасында 20-29 жас аралығындағы адамдар басым - 43,7%.