Бүгін Дүниежүзілік жұмыртқа күні

АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Әлемнің көптеген елдерінде қазанның екінші жұмасында Дүниежүзілік жұмыртқа күні атап өтіледі.
None
None

Жұмыртқа тамақтанудың ең әмбебап азық-түлігі, олар барлық елдердің аспаздық саласында танымал. Себебі оларды тағамға әртүрлі пайдалануға болады.

Мерекенің шығу тарихы мынадай: 1996 жылы Венада өткен конференцияда Халықаралық жұмыртқа комиссиясы дүниежүзілік жұмыртқа мерекесі қазанның екінші жұмасы атап өтілетіндігін жария етті. Комиссия Жұмыртқа күнін тойлауға көптеген себептердің бар екендігін дәлелдеп бақты. Бұдан кейін көптеген елдер, әсіресе жұмыртқа өнімдерін шығарушылар жұмыртқа мерекесін атап өту идеясын қуана қолдады.

Соңғы ондаған жылдар бойы жұмыртқалар туралы жағымсыз ақпараттар айтылды, бірақ соңғы таяу уақыттағы ғылыми зерттеулер жұмыртқаны пайдаланудан қорқудың қажеті жоқтығын дәлелдеді. Оларда ағзаға қажетті көптеген пайдалы заттар, соның ішінде
дәрумендер мен минералдар, сондай-ақ кейбір ауруларға қарсы көмектесетін антиоксиданттар бар. Және жұмыртқа холестеринді арттырады деген жалпы пікір - қате. Сондықтан күніне бір жұмыртқадан жеп тұру өте пайдалы.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, жұмыртқаны ең көп пайдаланатын ел - Жапония болып табылады екен. Бұл елдің әрбір тұрғыны орташа алғанда күніне бір жұмыртқадан жейді. Жапонияда тіпті «Тамаго, тамаго!» деп аталатын балалар әні бар. Ал американдықтар бұл бағалы азық-түлікке құрметін жыл сайын «Алып омлет күнін» өткізумен білдіреді.

Соңғы жаңалықтар