Бүгін - Дүниежүзілік жыл құстары күні

Құстар тіршілігі - бүкіл өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық әр алуандылығының жағдайлары мен үрдістері туралы пікір түюге мүмкіндік беретін үлгілі көрсеткіш. Қоршаған ортаның өзгерістерін саралау жұмыстарын жүргізгенде құстарды бақылау ерекше маңызды, өйткені оларды іс жүзінде планетамыздың барлық экологиялық жүйесінен кездестіре аламыз.
Өздерінің жылдық өрістері барысында қоныс аударушы құстар көптеген елдер мен құрлықтарды асып өтеді, кейбіреулері тундрадан тропикке ұшып өтеді. Сөйтіп, түрлі экологиялық жүйелер арасында байланыстырушы буын міндетін атқарады. Жыл құстарын және олардың тіршілік ету орындарын сақтау арқылы біз биоалуандықты кеңірек көлемде сақтап қала аламыз.
Бүкіләлемдік жыл құстары күні алғашқы рет төрт жыл бұрын САЕВП және КМЖ хатшыларының бастауымен атап өтілді, олардың есептеуі бойынша жоғары ақпарат беретін жаһандық кампанияны бастау керек, және де жыл құстарын қорғап, сақтауға міндетті адамдардың іс-қимылын жігерлендіру қажет.