Бүгін Джеймс Бонд туралы жаңа фильмнің әлемдік премьерасы өтеді

АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Лондонда Джеймс Бонд туралы "Координаты "Скайфол" жаңа фильмінің әлемдік премьерасы өтеді, деп хабарлады Утро. ру.
None
None

Фильмнің көрсетіліме келетіндердің арасында корольдік отбасының мүшелері ханзада Чарльз бен оның жұбайы герцогиня Корноульская Камилла болады деп күтілуде.

Айта кетейік, "Координаты "Скайфол" лентасы арнайы агент Джеймс Бонд туралы түсірілген киносерияның 23-ші фильмі болмақ. Аталмыш фильмді түсірген режиссер Сэм Мендес, басты рөлді Дэниэл Крейг сомдайды.

Соңғы жаңалықтар