Бүгін «Джиро д'Италия» басталды

Итальяндық Гранд-турда 23 команда бақ сынамақ. Жалпы қашықтық 3405,3 шақырымға созылып отыр. Осы Джирода жолына 207 велошабандоз шықпақ. Оның 96 алғашқы күні-ақ жарыс жолына түседі. Басты үміткерлер санатында «Астана» велокомандасының шайтанарбашысы, екі дүркін осы аталған веложарыстың жеңімпазы Винченцо Нибали мен «Тур де Франс» жарысының қазіргі таңдағы чемпионы Брэдли Уигиннс пен өз атағын осы турда қорғап қалуға жанын салатын Райдер Хешедаль мен вице-чемпион Хоаким Родригес сынды велошабандоздардың есімі аталып жүр.
«Астана» велокомандасында ең қарт қатысушы Паоло Тиралонгоға да артылған сенім көп, үміт мол. Биылғы тартыс өз алдына ерекше болмақ. Осы жолғы «Джироға» қазіргі таңда «Саксо» командасының үздігі саналатын, «Астана» командасымен талай жетістікке жеткен Контадор жарыс жолына шығатын тізімде жоқ. Оның орнына команданың негізгі велошабандозы болып польшалық Рафаэль Майк танылып отыр.
Биылғы жылғы Джиро жарысында ең жас велошабандоз атағына үміткерлер тізімінде «Астана» командасынан эстониялық шайтанарбашысы Танелдің есімі аталып жүр. Былтыр осы номинация бойынша «Скай» командасының өкілдері колумбиялық Уран және Энао алған болатын.
Сонымен, қымбатты оқырмандар назарларыңызға осы аталған велокөпкүндіктен үмітті командалардың, шайтанарбашыларымен таныстыра кетуді жөн санадық.
Қазақстанның намысын қорғайтын «Астана» командасы жарыстың алғашқы күнінен-ақ жүлдеге қол созып көрмек. Тізімдегілердің түгелі осы жарысты күтті. Былтырғы кеткен есені биыл еселеп қайыратын сәт туды. Сонымен:
«АСТАНА» велокомандасының құрамы:
Винченцо Нибали (Италия).
Валерио (Италия)
Фабио Ару (Италия)
Дмитрий Груздев (Қазақстан)
Танел Кангерт (Эстония)
Фредерик Кессьякофф (Швеция)
Паоло Тиралонго (Италия)
Алессандро Ванотти (Италия)
Андрей Зейц (Қазақстан)
«Катюша» өз тарихында «Джиро д'Италия» жарысына бесінші жыл бақтарын сынамақ. Биылғы Италия жолына шайтанарбаларын сайлап шыққан ресейлік «Катюша» велокомандасының құрамы: Юрий Трофимов, Петр Игнатенко, Владимир Гусев, Максим Бельков, Павел Брутт, Дмитрий Козончук, Лука Паолини, Джампаоло Карузо және Анхель Висиозо.
«Джиро д'Италия-2013» күнтізбесі.
1-кезең. 4 мамыр. Неаполь- Неаполь, 156 км.
2-кезең. 5 мамыр. Искья- Форио, 17,4 км.
3-кезең. 6 мамыр. Сорренто - Марина-ди-Ашеа, 212 км.
4-кезең. 7 мамыр. Поликастро-Буссентино - Серра-Сан-Бруно, 244км.
5-кезең. 8 мамыр.Козенца- Матера, 199км.
6-кезең. 9 мамыр. Мола-ди-Бари - Маргерита-ди-Савойя, 154км.
7-кезең. 10 мамыр. Сан-Сальво - Пескара, 162км.
8-кезең. 11 мамыр.Габичче-Маре - Сальтара, 55,5км.
9-кезең. 12 мамыр. Сансеполькро - Флоренция, 181км.
10-кезең. 14 мамыр. Корденонс - Альтопиано-дель-Монтазио, 167км.
11-кезең. 15 мамыр. Каве-дель-Предиль - Эрто-е-Кассо, 184км.
12-кезең. 16 мамыр. Лонгароне - Тревизо, 127км.
13-кезең. 17 мамыр. Буссето - Кераско, 242км.
14-кезең. 18 мамыр. Черере - Бардонеккия, 156 км.
15-кезең. 19 мамыр. Чезана - Торинезе - Коль-дю-Галибье, 150 км.
16-кезең. 21 мамыр. Валлуар - Иврея, 237км.
17-кезең. 22 мамыр. Караваджо - Виченца, 203км.
18-кезең. 23 мамыр.Мори - Польса, 19,4км.
19-кезең. 24 мамыр.Понте-ди-Леньо - Валь-Мартелло, 138км.
20-кезең. 25 мамыр.Силандро- Тре-Чиме-ди-Лаваредо, 202км.
21-кезең. 26 мамыр.Ризе-Пио-Икс - Брешиа, 199км.