Бүгін дзюдодан әлем біріншілігі басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 28 тамыз күні Будапештте дзюдодан әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Әлемнің 126 елінен 731 дзюдошы қатысатын додада қазақстандық татами шеберлері де бар. Жалпы ел намысын қорғауға 18 спортшымыз аттанған болатын.

Бүгін әлем чемпионатының бірінші жарыс күнінде ерлерден 60 кг, әйелдерден 48 кг салмақ дәрежесіндегі татами шеберлері бақтарын сынайды. Аталған екі салмақта Қазақстан ұлттық құрамасынан 3 дзюдошы шығады. Олар: Елдос Сметов (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) және Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг).

Жеребе бойынша Елдос Сметовтың алғашқы қарсыласы - Нэусо Сигаукие (Мозамбик), Ғұсман Қырғызбаев франциялық Ривол Кедрикпен кездеседі. Ал, Отгонцэцэг Галбадрах әлем чемпионатын екінші айналымнан бастайды. Қарсыласы - Италия спортшысы Милани Франциска.

Естеріңізге сала кетейік, әлем чемпионатын 3 қыркүйекке дейін жалғасады.

Қазақстан ұлттық құрама командасы.

Ерлер:

1. Елдос Сметов (60 кг)
2. Ғұсман Қырғызбаев (60 кг)
3. Азамат Мұқанов (66 кг)
4. Елдос Жұмаханов (66 кг)
5. Жансай Смағұлов (73 кг)
6. Азиз Қалқаманұлы (81 кг)
7. Ислам Бозбаев (90 кг)
8. Максим Раков (-100 кг)
9. Ержан Шынкеев (+100 кг)

Әйелдер:

1. Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг)
2. Севара Нышанбаева (57 кг)
3. Анна Казюлина (57 кг)
4. Мариан Урдабаева (63 кг)
5. Ділбар Өмірәлиева (63 кг)
6. Зере Бектасқызы (70 кг)
7. Альбина Амангелдиева (-78 кг)
8. Зарина Райфова (-78 кг)
9. Гүлжан Исанова (+78 кг)

Соңғы жаңалықтар