Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА «Егемен Қазақстан» газетінің 17 қарашадағы санында жарияланған мақалаларға шолуды ұсынады.
«Егемен Қазақстанның» бүгінгі нөмірінда жарық көрген маңызды материалдардың бірі - күй өнерінің құдіреті туралы мақала. Онда қазақтың киелі өнерінің ерекшеліктері туралы кеңінен жазылған. Сондай-ақ, бірінші бетте Арнұр Асқаровтың қысқы маусымға дайындық жөніндегі сараптамасы жарық көрген.
Газеттің әлеумет бетінде Қызылорда облысы Қармақшы ауданы тұрғындарының жан-айқайы берілді. Онда аудан тұрғындарының гептилден зардап тартып отырғандығы жөнінде айтылған.
Сонымен қатар, бүгінгі нөмірде әдебиет беті берілген. Онда Әкім Таразидің «Мен кейіпкеріме айналамын» атты мақаласы жарияланды. Сондай-ақ, осы айдарда жазушылардың ішкі сырлары тереңінен берілген.
Газеттегі тағы бір қызық мақала - «Ескерткіш түбіндегі әйел» деп аталады. Онда Ғани Мұратбаевтың жұбайы жөнінде әңгіме өрбіген. Басылымның соңғы бетінде Торғай даласынан табылған зілдің тісі туралы жағымды жаңалық жарияланған.