Бүгін ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 сәуірде ел аумағының басым бөлігіне антициклон әсерін тигізіп, жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Тек батыс және оңтүстікте атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жаңбыр жауады, тұман түсіп, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қызылорда облысында кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл, жел күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.
Жамбыл облысында кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал. Қостанай, түнде және таңертең Атырау облыстарында кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі. Алматы облысында түнде кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Ақтөбе, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін.
Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, түнде және таңертең Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.