Бүгін Елбасы төрағалығымен өткен «Самұрық-Қазына» кеңесінің отырысы туралы репортаж көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін республикалық телеарналар Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысына арналған арнайы репортажды көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібайға сілтеме жасап.

Бүгін Елбасы төрағалығымен өткен «Самұрық-Қазына» кеңесінің отырысы туралы репортаж көрсетіледі

«Бүгін республикалық телеарналардың эфирінде видеоконференция байланысы арқылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті төрағалығымен өткен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысына арналған арнайы репортаж көрсетіледі», деп жазды Айдос Үкібай Twitter -дегі парақшасында.

Ол телеарналар эфирінде бүгін сағат 21:40-та шығатын репортаждың бір бөлігін жариялады.