Бүгін елдің басым аумағында қар, бұрқасын, ұйытқыма жел, тұман мен көктайғақ күтілуде - Қазгидромет

ТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, сейсенбі күні Қазақстанның басым аумағы атмосфералық ағындармен байланысты белсенді циклонның ықпалында болады.
None
None

Онымен жекелеген жерлерде қар, бұрқасын, ұйытқыма жел, тұман мен көктайғақ күтілуде. Ал елдің батысындағы ауа райына антициклон әсер ететін болады.

Атап айтқанда, Ақмола облысының кей аумақтарында бұрқасындатып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғатын желдің күші кей уақыттары 25 метрге жетуі ықтимал.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақтөбе облыстарының кей аумақтарында желдің екпіні 15-22 м/с-қа дейін көтеріледі. Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында оған бұрқасын қосылады.

Атырау облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Сондай-ақ Маңғыстау облысында да тұманды.

Қызылорда облысында түнде көктайғақ болжануда.

Павлодар облысында 17-22 м/с күшпен жел соғып, бұрқасындатады. Кей жерлерде бұрқасын қатты жүреді.

Қарағанды облысының кей өңірлерінде бұрқасын, 17-22 м/с-тағы жел, түнде көктайғақ күтілуде.

Шығыс Қазақстан облысында түнде бұрқасындатады, жекелеген аумақтарда секундына 17-22 метр екпінмен соғатын желдің күші 25 м/с-қа жетеді.

Алматы мен Жамбыл облыстарының жекелеген аудандарында тұман, көктайғақ пен 15-20 м/с-тағы жел болжануда.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей аумақтарында жел секундына 15-20 метрге дейін көтеріледі.

Ал Астанада күн бұлтты болады. Түнде ауаның температурасы -13-15 градусты құрап, қар жауады. Күндіз аздаған қар жауып, температура -10-12 градусты құрамақ. Оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр күшпен соғатын желдің күші кей уақыттары 15-20 м/с-қа жетеді.

Соңғы жаңалықтар